• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2018

Мексикада Астананың 20 жылдығы атап өтілді

254 рет
көрсетілді

Қазақстанның Мексикадағы елшілігінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған ресми қабылдау өткізілді.

Іс-шараға Мексиканың мемлекеттік органдары, бизнес топтары, мәдениет қайраткерлері, саяси истэблишменті және қазақ диаспорасының 200-ден астам өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі Ан­дриан Елемесов алғы сөзін­де қатысушыларды жас Аста­наның қалыптасуының елеулі кезеңдерімен, жаһандық саясат­тағы өскелең рөлімен, көпші­лікпен танылған халықаралық күн тәртібінің саяси және эконо­микалық мәселелер бойынша келіссөздер алаңының жетіс­тіктерімен таныстырып шықты.

Сонымен қатар қонақтар Қазақ­станның жетістіктері мен даму перс­пективалары, жағымды инвести­циялық сая­саты, стратегиялық бағ­дарламалары мен халықаралық баста­маларының негізгі бағыттарымен танысты.

Сыртқы істер министрлігі де­пар­таментінің бас директоры Хорхэ Альварес Фуэнтес Мекси­ка­ның сыртқы саяси ведомство бас­шысының атынан құттықтау хатты оқып, Қазақстанның аймақтық лидері ретіндегі өскелең әлеуетін, халық­аралық сахнадағы медиа­тор рөлін және табысты экономикалық өзгерістерін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар қонақтардың наза­рына Астана туралы арнайы фильм және қазақтың ұлттық тағамдары ұсы­нылды.